
2026 жылғы 10 ақпанда Шал ақын ауданында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізді. Іс-шара Шал ақын ауданының Сергеевка қаласындағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында полиция департаменті жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы, полиция полковнигі Тасимов Руслан Анатольевич 11-сынып оқушылары алдында сөз сөйлеп, ҚР ІІМ академияларына оқуға түсу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар және ішкі істер органдарындағы қызмет туралы жан-жақты ақпарат берді.Оқушылар ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктерімен танысып, криминалистердің, Арнайы жедел әрекет ету отряды арнайы бөлімшесі қызметкерлерінің жұмысын көрді, сондай-ақ қызметтік техника, қару-жарақ және арнайы киім үлгілерінің көрмесі ұсынылды. СОБР арнайы бөлімшесінің қызметкерлері көрсетілімдік өнер көрсетті. Іс-шара музыкалық нөмірлермен аяқталды.Барлық қатысушыларға ҚР ІІМ академиялары туралы ақпараттық брошюралар таратылды. Департамент өкілдері болашақта жастардың бір бөлігі ішкі істер органдарында қызмет етуді таңдайды деген үміт білдірді.Сонымен қатар кездесу барысында білім алушыларға ҚР ІІМ бірнеше академиясының кәсіби бағдар беру бейнероликтері және кейбір құрылымдардың жұмыс ерекшеліктері туралы таныстырылым роликтері көрсетілді. Кездесу соңында құқық бұзушылықтың бұл түрі үшін қылмыстық жауапке