
2026 жылдың 3 ақпанында Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында кәсіптік бағдар беру мақсатында маңызды кездесу өтті.
Кездесуге Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының оқытушысы, подполковник Нұрмағанбетов Алтынбек Дастанович арнайы келіп, 10–11-сынып оқушыларымен жүздесті.
Кездесу барысында оқушылар әскери мамандықтың ерекшеліктері, әскери жоғары оқу орнына түсу талаптары мен болашақ офицер жолы туралы құнды ақпарат алды.
Мұндай кездесулер оқушылардың мамандық таңдаудағы бағдарын айқындап, Отанға қызмет етуге деген қызығушылығын арттырады.