«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы және М.Мақатаев оқулары

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы және М.Мақатаев оқулары

Ағым жылының 30 қаңтарында «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының және «М.Мақатаев оқулары» байқауының  аудандық кезеңі Ақан-Барақ орта мектебінде өткізілді. 7-11 сынып оқушылары арасында барлығы 104 қатысушы болды.

Жарқын болашақ олимпиадасына қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) 7-11 сынып оқушылары қатысты. Бес бағыт бойынша өткізілді:

  1. «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);
  2. «Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);
  3. «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);
  4. «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);
  5. «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

М.Мақатаев оқулары 3 номинация бойынша өткізілді: «Айтып өткен ақында арман бар ма?», «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...», «Дариға, домбырамды берші маған».

Оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды.

І дәрежелі дипломға ие болған оқушылар облысқа жолдама алды.