«Заң және тәртіп» айлығы

«Заң және тәртіп» айлығы

30 қаңтар 2026 жылы «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығының салтанатты жабылуы өтті. Айлық барысында білім беру ұйымдары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және білім алушылар арасында заңға бағынушылық мінез-құлықты тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларға белсенді қатысты.

Айлықтың қорытындысы бойынша белсенділік пен бастамашылдық танытқан мектептер Білім бөлімі мен Полиция бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Қоғамдық тәртіпті нығайтуға және өскелең ұрпақты жауапкершілік пен заңға құрмет рухында тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.