
Шал ақын ауданының «Ақан-Барақ орта мектебі» КММ-де білім беру процесінде жасанды интеллектіні ингерациялау мәселелеріне арналған математика мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.
Семинар барысында математиканы оқытуда жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері, шектеулері мен перспективалары қарастырылды. Сабаққа дайындық кезінде цифрлық платформаларды іс жүзінде қолдануға, оқу қызметін ұйымдастыруға және оқу нәтижелерін бағалауға ерекше назар аударылды
Семинардың тәжірибелік бөлігі аудан педагогтарының шеберлік сыныптарын қамтыды. Приишим орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Найля Хабибуловна Хайрутдинова тапсырмалар, тесттер, жұмыс парақтарын құру және оқу материалын визуализациялау үшін жасанды интеллектті қолдану тәжірибесін ұсынды. Семиполка орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мәдина Бақытғалиқызы Әнзір математика сабақтарында жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану тәсілдерін көрсетті.
Ахметбеков атындағы орта мектептің математика мұғалімі Жадыра Думановна Темирбулатова білім беру саласында жасанды интеллектті қолдану тақырыбында сөз сөйледі. Баяндамасында академиялық адалдық, мұғалімнің рөлі және цифрлық технологияларды саналы түрде пайдалану мәселелері қозғалды.
Семинар аясында 9-сыныпта «Қолданбалы есептерді шешуде косинус теоремасын қолдану» тақырыбында ашық математика сабағы өткізілді, оны Ақан-Барақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жангас Сейсенбекович Тургунов өткізді.
Семинарды ұйымдастыруды және әдістемелік сүйемелдеуді аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Асемгүл Досымовна Байгужинова қамтамасыз етті. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар тақырыптың өзектілігін, семинардың практикалық бағыттылығын және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы маңызын атап өтті.