«Бөбек» бөбекжай-балабақшасында жаңа жылдық ертеңгілік өтті

«Бөбек» бөбекжай-балабақшасында жаңа жылдық ертеңгілік өтті

2025 жылғы 24 желтоқсанда «Бөбек» бөбекжай-балабақшасында жарқын әрі нағыз ертегіге толы жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Бұл мереке балаларға қуаныш, күлкі және сиқырлы көңіл күй сыйлады: бүлдіршіндер қуана өлең оқып, ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды.

Іс-шараның құрметті қонақтары Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Шаинов Серік Кабиденұлы және білім бөлімінің басшысы Бұлбұл Ахмадиқызы болды. Серік Кабиденұлы ұжымға, тәрбиеленушілерге және олардың ата-аналарына келе жатқан Жаңа жылмен құттықтауын жеткізіп, аудан әкімі Қайрат Қайроллаұлы Омаровтың атынан сыйлық ретінде мекеменің жұмысына үлкен қолдау болатын Қыздыру пешін табыс етті.

Сондай-ақ жылы лебіздер мен ізгі тілектер білім бөлімінің басшысы Бұлбұл Ахмадиқызынан да айтылды.

Жаңа жылдық ертеңгілік барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырып, мерекенің нағыз сыйына айналды.