IQanat олимпиадасы

IQanat олимпиадасы
IQanat олимпиадасы — бұл Қазақстанның ауылдық мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында өткізілетін республикалық зияткерлік жарыс. Олимпиаданы IQanat қоры Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырады. Бұл жобаның басты мақсаты — ауылдық жерлердегі дарынды балаларға сапалы білім алуға және Қазақстан мен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарына грант негізінде түсуге дайындық мүмкіндігін беру.
2025 жылдың 28 қазанында біздің ауданда IQanat олимпиадасының алғашқы кезеңі басталды! Олимпиада «Какимбек Салықов атындағы орта мектебі» КММ базасында өтті, оған ауданның 8-сыныптарынан 117 оқушы қатысты.
Алда әлі екі кезең бар: облыстық және республикалық. Жеңімпаздар мен үздік финалистер келесі мүмкіндіктерге ие болады: IQanat High School of Burabay мектеп-интернатында тегін оқу және үш жылдық қолдау бағдарламасына қатысады. Біздің қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!!!
Бұл — сапалы білім алу мен жетекші университеттерге грантқа түсуге дайындалуға тамаша мүмкіндік.
Сонымен қатар, бұл өзіңнің интеллектуалдық әлеуетіңді ашуға жол береді — тіпті сен ауыл мектебінің оқушысы болсаң да.