«Сіздер – нағыз сиқыршыларсыздар!» деген жарқын сөздермен және «Бөбек» балабақшасының тәрбиеленушілерінің әсерлі өнерімен мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара басталды. Мерекелік іс-шараға меценаттар, ведомствоаралық құрылымдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Әрбір қатысушыға аудандық «Новатор» және «Парыз» газеттерінің мерекелік шығарылымы тарту етілді.
Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Н.А.Нәбиев педагогтерге жылы лебізін білдіріп, олардың жоғары кәсібилігін, істеріне адалдығын және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлестерін ерекше атап өтті.
Мереке құрметіне құттықтаулар айтылып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Атмосфера – жылы шырайға, құрметке және ұстаздардың балалардың жүрегіне күн сайын сіңіріп жатқан еңбегіне деген шынайы ризашылыққа толы болды.
Білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі үшін Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталарымен «Социлаистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы мектеп –лицей» КММ бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Ғаббасова мен «Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ химия пәні мұғалімі М.С.Карамурзина марапатталды.
Білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлестері үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарымен меценаттар – «Надежда» фермерлік шаруашылығының басшысы М.И. Мартын және «Алтын астыкkz» ЖШС директоры Е.Ш. Жакупов марапатталды.
Мерекелік көңіл-күйді оқушылардың театрландырылған қойылымдары, ән мен би өнері, сондай-ақ көздің жауын алатын отшашу толықтыра түсті. Әсіресе, академик Е. Бөкетов атындағы мектеп-гимназияның мұғалімдер хорының «Атамекен» әнін орындауы көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Білім бөлімінің басшысы Б.Ахмадықызы құттықтау сөз сөйлеп, аудан педагогтары мен оқушыларының республикалық және халықаралық конкурстардағы жетістіктерін атап өтті. Салтанатты іс-шара Б.Ахмадиқызы мен мектеп директорларының квартетінде орындаған «Ұстазым» әнін шын жүректен орындаумен аяқталды.