«Ұстазға алғыс!»

«Ұстазға алғыс!»

Шал ақын ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілген «Ұстазға алғыс!» республикалық челленджіне қатысты.

Осыған орай Шал ақын ауданының білім бөлімінің басшысы өз жұмыс кабинетінде ардагер ұстаз Құсаинова Ботагөз Есімқызын қабылдап, мерекемен құттықтады.

Ботагөз Есимовна – білім бөлімінің басшысы, Бұлбұл Ахмадиқызының ұстазы-тәлімгері. Осы күні ол өз жұмыс орнын көрсетіп, білім бөлімінің бүгінгі жетістіктерін мақтанышпен баяндап, ең бастысы Ботагөз Есімқызына ұзақ жылғы еңбегі мен кең жүрегі үшін терең құрметі мен алғысын білдірді.