К.Салықов атындағы орта мектебінде шығармашыл оқушылар арасында «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, тапқырлық қырын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу. Байқау 6 номинация бойынша өтті: «Шешендік, білгірлік»; «Көркемсөз оқу»; «Эссе жазу»; «Ұлттық аспапта өнер көрсету»; «Ақындар айтысы»; «Ақындар мүшәйрасы».
Байқаудың нәтижесінде оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды.