Химия және биология мұғалімдерінің тамыз аудандық семинары. Семинардың тақырыбы «Жасанды интеллект енгізу жағдайында биология мен химияны оқыту сапасын арттыру»

Химия және биология мұғалімдерінің тамыз аудандық семинары. Семинардың тақырыбы «Жасанды интеллект енгізу жағдайында биология мен химияны оқыту сапасын арттыру»

         2025 жылдың 29 тамызында Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейінің базасында химия және биология мұғалімдерінің тамыз аудандық семинары өтті. Семинардың тақырыбы «Жасанды интеллект енгізу жағдайында биология мен химияны оқыту сапасын арттыру» семинардың мақсаты білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында биология және химия мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін цифрлық ресурстар мен технологияларды қолдану дағдыларын дамыту болды. Семинар қатысушыларына заманауи технологиялар мен жасанды интеллект, жаңа білім беру технологияларын қолдана отырып шеберлік сыныптары ұсынылды.

     Білім беруді цифрландыру жағдайында биология мен химияны оқытуға қойылатын заманауи талаптар талданды. Мұғалімдер өзекті цифрлық құралдармен және ресурстармен (платформалар, симуляциялар, виртуалды зертханалар) танысты. Биология және химия сабақтарында АКТ қолданудың тиімді тәжірибелері көрсетілді.

     Бұл семинар оқытуға цифрлық шешімдерді енгізу бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.