«Аю-Тас» сауықтыру лагерінің 4-маусымының жабылуы

«Аю-Тас» сауықтыру лагерінің 4-маусымының жабылуы

Міне, «Аю-Тас» сауықтыру лагерінің 4-маусымы да өз мәресіне жетті. Бұл маусым – жарқын сәттерге, жаңа ашылуларға және достыққа толы уақыт болды. Осы күндері балалар көп нәрсеге үлгерді: шахматтан спорттық турнирлерге қатысып, ұлттық ойындармен танысып, катермен серуендеуден ерекше әсер алып, таза ауада белсенді демалды.

Әр күн күлкіге, шабытқа, шығармашылыққа және жаңа әсерлерге толы болды. Отрядтық шаралар, байқаулар, тақырыптық күндер, кешкі алау маңындағы отырыстар және, әрине, жаңа достар – мұның бәрі әрбір қатысушының жүрегінде жылы естелік болып қалары сөзсіз.

Салтанатты жабылу рәсімінде балаларға сәттілік, жарқын оқиғалар мен шуақты көңіл-күй тілеп, вожатыйлар мен тәрбиешілер белсенділік пен жақсы көңіл-күйлері үшін алғыс айтты. Ал балалар өз кезегінде қамқорлық пен көңіл бөлгені үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

«Аю-Тас» лагерінің 4-маусымы аяқталды, бірақ ол туралы естеліктер біздің демалушылардың жүрегінде мәңгі сақталады. Келесі кездескенше, «Аю-Тас»!

 #біртұтас_тәрбие

#anar_tanirbergenova18

#oqu_agartu_ministrligi

#ganibeisembayev

medetbekovameruert