Табиғаттың көркем бір бұрышында ауданның түкпір-түкпірінен келген балалар жиналып, жарқын әсерлерге, жаңа таныстықтарға, қызықты шаралар мен белсенді демалысқа толы ұмытылмас 10 күнді өткізбек.
«Аю-тас» лагерінде әр күн қызықты іс-шаралар өткізіледі: спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сабақтары, викториналар, жорықтар мен кешкі алау жанындағы кездесулер сияқты қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады. Педагогтар әрбір баланың лагерьде өзін қауіпсіз, жайлы сезініп, еркін дамуына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлді.
Әлеуметтік желідегі жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар — алда талай қызықтар күтіп тұр! 📸✨