
Жаздың бірінші күні біздің ауданымызда өте жарқын және ұмытылмас күн болды- біз Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін орталық алаңды көңілді және жылы мерекелік көңіл күймен қарсы алдық, «Өркен» өнер мектебінің шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерті көрермендер үшін нағыз керемет сыйлық болды. Биылғы жылы ерекше назар ең кішкентайларға аударылды: арба байқауы өткізілді; онда ата-аналар мен бірге кішкентай бөбектер қатысты. Байқауға қатысушылардың барлығы естелік сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.
Алаң аумағы әр бала өзіне ұнайтын іс – әрекетті таба алатын тақырыптық станцияларға бөлінді Тақырыптық станциялар:
1. «Ойыншықтарды мейірімді қолға бер» акциясы – көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына ойыншықтар берілді.
2. «Қауіпсіз жаз» шеберханасы:
- «Арнайы панама» шебер-сынып «Спец-панамка»
- «Құтқарушылар» интерактивті алаң
3. Ертегі кейіпкерлерімен фотоалаң
4. «Спорт планетасы» спорт станциясы
5. KINO TAME –мультфильм қарау
6. Роботтар презентациясы және и робототехникадан шебер-сынып
7. «Радуга творчества» шебер сынып
8. Арт-палитра
9. Аквагрим / Фейс-арт
10. Сабын көпіршігі шоуы
11. Батут
12. Балалар автодромы
Ауданның полиция бөлімі мен өрт сөндірушілер бөлімінің арнайы техника көрмесі балалардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Мереке соңында барлық балаларға тегін балмұздақ ұсынылды, ал жарқын соңғы аккорд –қуанышқа, күлкіге және жарқын сәттерге толы -Holi ұмытылмас түстер бояуларының фестивалі болды!