12-14 мамыр аралығында Балқаш қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша «Шуақты жаз – 2025» облыстық семинары өтті.

Іс-шараға жазғы демалысқа жауапты білім бөлімдерінің әдіскерлері, Қарағанды облысы бойынша білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтері, тәлімгерлері қатысты. Жалпы шамамен 160 адам қамтылды. Олардың қатарында жазғы демалысты ұйымдастыруға жауапты білім бөлімінің әдіскері және Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының педагогтері бар.
Семинар барысында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының қызметкерлері балалардың сауықтыру демалысы мен бос уақытын сапалы қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жазғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау және жазғы демалыста балалардың дене белсенділігін арттыру, қосымша білім берудің маңыздылығы мен болашағы, ойын технологиялары, жазғы лагерь жұмысын әдістемелік сүйемелдеу: инновациялар мен тәжірибе мәселелері қаралды және талқыланды.
Семинар қарқынды, пайдалы, мазмұнды, кәсіби, танымды және тек жағымды эмоциялар қалдырды. Әркім алған білімдерін өз жұмысында қолданатын болады.