
15 мамырда Астанада «Қосымша білім берудің болашағы: дамуға бастар жол» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарының кездесуі өтті. Іс-шараның бірінші жартысында ақпараттық шеберлік сыныптары, шағын хакатондар, шешімдер бойынша семинар өткізілді, екінші жартысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Г.Б. Бейсембаевпен кездесу өтті. Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен 1800-ден астам қатысушыны офлайн және онлайн режимдерде біріктіре отырып, гибридті форматта өтті. Олардың қатарында Шахтинск қаласының қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары бар.
Соңында республиканың бірқатар педагогтері марапаттарға ие болды, оның ішінде Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру педагогы Н.Ю. Сайгушева білім беру саласының дамуына қосқан мен жетістіктері үшін Оқу-ағарту Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Білім бөлімі Наталья Юрьевнаны лайықты марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.