Биыл біз атаулы күн – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Біз үшін - жүрегімізде мәңгі сақталатын қасиетті мереке. Біздің аталарымыз бен арғы аталарымыздың батылдығы, төзімділігі мен жанқиярлығының арқасында біз бүгін бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз.
Ұлы күн қарсаңында Шахтинск қаласының білім беру ұйымының педагогтері балалармен бірге тыл еңбеккерлеріне, бейбіт уақытта әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына барды. Олардың барлығына Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медальдар табыс етілді. Сондай-ақ оларға азық-түлік берілді, бұл жеріміздегі бейбітшілікті қорғаған жандарға деген кішігірім қамқорлық пен ілтипаттың белгісі болды. Оларға шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір және бейбіт аспан тілейміз!
26 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Жарлыққа қол қойғанын, оған сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және өзге де тұлғалар мерекелік медальмен марапатталатынын атап өткен жөн.