Шахтинск қаласының білім бөлімімен 2025 жылғы 24 сәуірде «№ 11 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында республикалық «Мағжан оқулары» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
«Өнерлі өрге жүзер» дегендей, байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар белгіленді:
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша:
🥇 Есенбаева Айгерим. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп - лицейі. Мұғалімі: Каржасова А.С.
🥈 Бұрахан Динара. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Сабиолдина А.К.
🥉 Лоренцева Татьяна. № 6 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Калымтаева А.С.
🥉 Токмагамбетова Аяулым. С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Каржасова А.С.
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған ...» бағыты бойынша:
🥇 Баикен Асылхан. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп - лицейі. Мұғалімі: Жолшибекова У.Т.
🥈 Канафина Аружан. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Нажмаддинова Н.С.
🥉 Шалтиев Ернұр. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Калабаева А.С.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша:
🥇 Хайратұлы Нұртілек. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицейі. Мұғалімі: Кузембаева М.К.
🥈 Исатай Ақнұр. № 12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Нажмаддинова Н.С.
🥉 Құрбанбай Ілияс. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Барлыбай Н.Т.
«Білімдіге дүние жарық» дегендей, барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ұмтылыстарыңыз жемісті болып, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!