
«Проекториум» ғылыми-техникалық, экологиялық, туристік-өлкетану бағыттарындағы қосымша білім беру педагогтерінің III облыстық шығармашылық жобалар байқауын өткізу аясында 16-18 сәуір аралығында Оқушылар сарайы (2 корпус) базасында туристік-өлкетану қызметі бойынша бірқатар іс-шаралар өтті. Аталған іс-шараларды өткізуге жауапты: А.И. Шилов, Оқушылар сарайының туристік-өлкетану қызметі бөлімінің меңгерушісі.
16-17 сәуірде туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру бойынша педагогтерге арналған өңірлік оқыту семинары өтті, оған Қарағанды қаласының №30 ЖББМ, Қарқаралы және Қарағанды қалаларының жас туристер станцияларының, Долинка кентінің № 4 ЖББМ басшылары мен педагогтері қатысты.
18 сәуірде Қарқаралы, Саран, Шет ауданы (Ағадыр кенті), сонымен қатар Шахтинск қаласының командалары қатысқан жарыс өтті. Байқауға қатысушылар арнайы пәндер бойынша бақ сынасты.
Байқау қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:
1 орын – ҚО ББ Шахтинск қ. ББ «Оқушылар сарайы» КМҚК, Шахтинск қ. (бірінші команда);
2 орын – «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК, Саран қ.;
3 орын – ҚО ББ Шахтинск қ. ББ «Оқушылар сарайы» КМҚК, Шахтинск қ. (екінші команда);
4 орын – «№ 30 негізгі орта мектебі» КММ, Қарағанды қ.
5 орын – «Қосымша білім беру орталығы» КМҚК, Шет ауданы, Ағадыр кенті;
6 орын – «Жас туристер станциясы» КММ, Қарқаралы қ.
Барлық іс-шаралар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.