17 сәуірде Шахтинск технологиялық колледжінің базасында алғаш рет мектеп оқушылары арасында «Jas Skills» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

17 сәуірде Шахтинск технологиялық колледжінің базасында алғаш рет мектеп оқушылары арасында «Jas Skills» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 17 сәуірде Шахтинск технологиялық колледжінің базасында алғаш рет мектеп оқушылары арасында «Jas Skills» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. «Jas Skills» - бұл беделді іс-шара, онда 9-сынып оқушыларының жұмысшы мамандықтары бойынша дағдылары мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндігі бар.
Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Шахтинск технологиялық колледжі.
Чемпионат келесі құзыреттер бойынша өтті: «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Электроника», «Компьютерлік ойындарды 3D модельдеу».
Байқау нәтижелері бойынша келесі орындар берілді:
«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреті бойынша:
1 орын – Турсынбек Адилет Бахытжанулы, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі;
2 орын – Өмірбек Мухаммед, С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі;
3 орын – Бочков Илья Андреевич, № 11 жалпы білім беретін мектебі.
«Электроника» құзыреті бойынша:
1 орын – Гафаров Тимур Ринатович, № 7 жалпы білім беретін мектебі;
2 орын – Кононов Марк Владимирович, № 11 жалпы білім беретін мектебі;
3 орын – Нұрлан Мейірлан Дауренұлы, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі.
«Компьютерлік ойындарды 3D модельдеу» құзыреті бойынша:
1 орын – Серкибаев Эмир Мадиевич, № 7 жалпы білім беретін мектебі;
2 орын – Генш Артём Денисович, № 11 жалпы білім беретін мектебі;
3 орын – Сейтқазы Алихан Әсетұлы, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі;
Іс-шара соңында балалар дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.