23 сәуірде Оқушылар сарайы базасында «Пікірсайысшыларға арналған оқыту шеберлік сабақтар өткізу» қалалық іс-шарасы өтті.

23 сәуірде Оқушылар сарайы базасында «Пікірсайысшыларға арналған оқыту шеберлік сабақтар өткізу» қалалық іс-шарасы өтті.


Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының пікірсайыс клубтарының мүшелері үшін пікірсайыс клубтарының жетекшілері өткізетін оқыту шеберлік сабақтарын өткізу жақсы дәстүрге айналды.
23 сәуірде Оқушылар сарайы базасында «Пікірсайысшыларға арналған оқыту шеберлік сабақтар өткізу» қалалық іс-шарасы өтті. Биылғы жылы таңдалған санат 5-7 сыныптар.
Аталған іс-шара білім алушыларды пікірталас қозғалысына кеңінен тарту және танымал ету, оның мақсаттарымен және міндеттерімен оқушыларды таныстыру мақсатында өткізілді: қоғамда болып жатқан мәселелерді қоғамдық талқылау және талдау арқылы оқушылардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін арттыру, оқушылардың құқықтық мәдениетін, азаматтық белсенділігін, жауапкершілігін, шығармашылық және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу.
Балалар 5 топқа бөлінді (1-қазақ лигасы, 4-орыс лигасы), олардың әрқайсысы өздері дайындаған 5 алаңға барды: «Пікірталас өнеріндегі басты күш – дәлелдеу және логика», «Дәлелдеу өнері: ақыл мен шығармашылыққа үйрету», «PEEL құрылымы бойынша жауапты ұйымдастыру», «Шығармашылық арқылы пікірталас: өлеңдер мен суреттердегі дәлелдер», «Дәлелдеу шеберлігі: сенімді дәлелдер құруды үйрену» шеберлік сағаттар.
Іс-шара нәтижелі өтті және болашақ пікірталастардың жоғары қызығушылығын тудырды.