Біздің қаламызға Қарағанды облысында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Болеславовна Киселева келді.

Біздің қаламызға Қарағанды облысында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Болеславовна Киселева келді.

Құқық бұзушылық пен қылмыстылықты алдын алу, оқушылар арасында тиімді алдын алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында және “Жасөспірім” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 2025 жылғы 17 сәуірі Шахтинск қаласының білім бөлімінің шақыруымен біздің қаламызға Қарағанды облысында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Болеславовна Киселева келді.

📎Іс-шара «Бала құқықтары: қорғалу үшін білу» тақырыбында интерактивті және кейс-менеджмент элементтері бар пікірталас алаңы форматында өтті. «Балалардың құқықтарын кім қорғайды?» дәрісі оқылды, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар айтылды, Шахтинск қаласының полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция майоры А.В.Таукенованың қатысуымен түрлі ахуалдық кейстер қаралды, оларға балалар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді.

📎Соңында «Мен - құқықтарды қорғаушымын» атты пайдалы интерактив өткізілді.

📎Кездесу №6 ЖББМ базасында өтіп, оған С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы және №6 ЖББМ оқушылары қатысты. Оқушылардың жалпы саны 126 адамды құрады.