
2007 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2 сәуірді Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні деп жариялаған кезде, Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл күнді аутизм үшін барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа адамдармен тең дәрежеде қамтамасыз ету және ынталандыру мақсатында атап өтеді. Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылғы 18 Желтоқсанда белгіледі. 2008 жылдан бастап жыл сайын 2 сәуірде атап өтіледі. Бұл халықаралық күн Катар Мемлекетінің бастамасымен құрылды, ол 2008 жылы БҰҰ Бас хатшысының Жолдауында атап өтілді.
Бұл күннің мақсаты-АСБ бұзылысы бар адамдарға көмектесу және олардың өмір сүру деңгейін көтеру қажеттілігін атап айту.
2025 жылғы 1-30 сәуір аралығында білім бөлімімен бекітілген жоспар негізінде аутизм туралы Халықаралық ақпараттандыру күніне, инклюзивті білім беруге арналған айлық ұйымдастырылып, түрлі іс-шаралар өткізіледі бастады. Айлықтың бірінші апталығы 1-4 сәуір аралығында тақырыптық стендтер жабдықталып, «Инклюзивті білім беру жағдайындағы мамандар мен педагогтардың өзара әрекеттестігі» әдістемелік-педагогикалық бөлме, дөңгелек үстелдер, ақпараттандыру күнінде парақшалар, жадынамалар тарату, «Мейірімділік сабағы» тақырыбында сынып сағаттары, мамандар сағаты, «Мейірімділік жүректен» ашық есік күні, «Көк түсті жақ» акцияларын өткізу жұмыстары жүргізілуде.