
1 сәуірде ҚО ББ «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ әлеуметтік педагогтер мен педагог-психологтарға арналған «Тәуекел топтағы балалармен және отбасылармен алдын алу бойынша жұмыс жүйесі» тақырыбында семинар өткізді.
⠀
🎯Семинардың негізгі мақсаты-балалар мен жасөспірімдердің қараусыздығы мен қылмыс мәселелерін алдын алуға бағытталған тәуекел тобындағы балалар мен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
⠀
✔️Орта білім беру ұйымдарында оқушылардың мектепішілік есепке қою туралы әдістемелік ұсыныммен Шахтинск қаласының білім бөлімінің әдіскері З.А.Сексенова сөз сөйледі.
✔️Шахтинск қаласы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция майоры А.В.Таукенова отбасылық қолайсыздықтың алдын алу және өскелең ұрпақтың салауатты адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру бойынша баяндады.
✔️ № 2 жалпы білім беретін мектебінің және Е. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогтері Н.В.Наймушина мен В.В.Ной есепте тұрған балалармен және отбасылармен жұмыс тәжірибесін таратып, тәжірибеде жұмыс істеу әдістерін көрсетті.
✔️ № 11 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологі И.В.Феоктистова білім беру ортасында қолайлы психоэмоционалды ахуалды құру тәжірибесі туралы айтып берді.
✔️С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының және С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологтері С.В. Шаклеина мен А.Х.Баисова оқушылардың әлеуметтендірудегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
✔️Семинар барысында қатысушылар құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жетістіктер мен проблемалық мәселелерді талқылады, сондай-ақ оны жетілдіру және жұмысты бейімдеу бойынша одан әрі қадамдарды белгіледі.
Аталған семинарға 12 әлеуметтік педагог және 18 педагог-психолог қатысты