
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шахтинск қаласының аумағында “Демалыс” жедел- алдын алу рейді өтуде. Шахтинск қаласының полиция бөлімі, әкімдік, білім бөлімі және білім беру ұйымдарымен жастар жиналатын орындар мен көшелер тексерілді.
Рейд түнгі 22:00-де басталып, нәтижесінде 23.00 кейін заңды өкілісіз үйден тыс жерде болған 10 жасөспірім анықталды. Сонымен қатар мас күйінде болған 1 жағдай анықталды, жасөспірім медициналық тексерістен өткізіліп, заңды өкіліне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабы 2 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Сонымен қатар, бақылауда тұрған отбасыларда тексерілді, оның нәтижесінде өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты ата-ана міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 2 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.