
Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша маңызды іс-шаралардың бірі «Болашаққа жолдама» облыстық форумы болып табылады.
Форумның мақсаты: облыстың білім беру ұйымдарында оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына көмек көрсетуге бағытталған кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру.
Форум жалпы орта білім беру ұйымдары үшін келесі байқаулар бойынша өткізіледі:
1. «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауы;
2. «Жаңа кәсіптер атласы» бейнефильмдер байқауы;
3. «Оқушылардың бизнес-стартап жобаларының көрмесі»;
4. Креативті индустриялар саласындағы «Креативті ойлау» облыстық жобасы аясында «ACTIV CREATIVE» шығармашылық байқауы;
5. «Мамандықтар жәрмеңкесі» бейнероликтері.
18 наурызда аталған байқаулардың қалалық кезеңі өткізілді. Барлығы 14 өтінім берілді, оның ішінде бірінші орын алған 4 қатысушы облыстық кезеңге өтті. Байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы 3 байқаудың келесі қорытындысын шығарды.
«Жаңа кәсіптер атласы» бейнефильмдер байқауы
I орын: Мадина Исабай (С.Асфендияров атындағы ЖББМ)
II орын: Шалтиев Ернур (С.Асфендияров атындағы ЖББМ)
III орын: Чернякова Алина (№4 ЖББМ)
«Оқушылардың бизнес-стартап жобаларының көрмесі»
I орын: Ергешбай Ибрахим (С.Асфендияров атындағы ЖББМ)
II орын: Чечихин Клим (Е.Бөкетов атындағы ЖББМ)
III орын: Койлыбаев Бекарыс (С.Асфендияров атындағы ЖББМ)
«Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауы
I орын: Б.М.Жолдасханова - «Үздік кәсіптік бағдарлау іс-шарасы» номинациясы (№11 ЖББМ)
I орын: Н.В. Гилёв - «Мәдениет. Шығармашылық. Мамандық» номинациясы (Оқушылар сарайы)
III орын: К.С. Алханова - «Үздік кәсіптік бағдарлау іс-шарасы» номинациясы (Окушылар сарайы)
Жеңімпаздарға облыстық іріктеу кезеңінде сәттілік тілейміз!