
2025 жылғы 10 - 18 наурызы аралығында Шахтинск қаласының прокуратурасы, полиция және білім бөлімі Шахтинск қаласының Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің, С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебінің, № 2, 6, 7,12 жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында буллингті, бопсалауды алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыптарында дәрістер оқылды.
Қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер жасағаны үшін белгіленген кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілік түрлері туралы ақпарат айтылды.
Дәріс соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауаптарын алды. Қамту 1106 оқушыны құрады.