
Шахтинск қаласының білім бөлімі мен Шахтинск қаласының ауруханасы арасындағы адамгершілік-жыныстық тәрбие беру жөніндегі бірлескен жоспар аясында 2025 жылғы 6-19 наурызы аралығында дәрігерлер Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының, С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы, Е. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің, С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебінің және № 2,4 7 жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру әңгімелесулерін өткізді.
Дәрістің негізгі мақсаты-жасөспірімдерде ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар мен ұлдардың жеке гигиенасын сақтау, жыныстық тәрбие беру. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпарат берілді. Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды. Қамту 711 оқушыны құрады.