ҚР Оқу-ағарту министірлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ» 2024 жылы халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің негізгі кезеңдеріне дайындық бойынша бірқатар іс-шараларды ұйымдастырады.

ҚР Оқу-ағарту министірлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ» 2024 жылы халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің негізгі кезеңдеріне дайындық бойынша бірқатар іс-шараларды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ҚР Оқу-ағарту министірлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ» 2024 жылы халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің негізгі кезеңдеріне дайындық бойынша бірқатар іс-шараларды ұйымдастырады.

TALIS (Teachingand Learning International Survey/Оқыту мен оқуды зерттейтін халықаралық зерттеу) халықаралық жобасы мектептегі білім беру ортасымен, мұғалімнің кәсіби жағдайы және оның дамуымен айналысатын ауқымды да беделді халықаралық салыстырмалы зерттеу.

2024 жылыосы хплықаралық зерттеуге Шахтинск қаласының бір білім беру ұйымы - №6 жалпы білім беретін мектебі енді. TALIS-2024 зерттеуіне мектептің директоры және мектептің 5-9 сыныптарында сабақ беретін пән мұғалімдері қатысады.

Іріктелген мектепте зерттеуге қатысу, енгізу және іске асыру үшін мектеп үйлестірушісі анықталды, ол оқу үшін ағымдағы жылдың 8-9 ақпан аралығында Астана қаласына TALIS-2024 негізгі зерттеуін жүргізу рәсімі бойынша 2 күндік тренингтік семинарға жіберілді.

Семинар-тренингте үйлестірушілерге: зерттеудің тәртібі мен жүргізілуі, зерттеу жүргізудің стандартты рәсімдері, деректердің құпиялылығын және сапаны бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, мұғалімдерге арналған сауалнама ұсынылды. Сондай-ақ, TALIS-2018 нәтижелеріне шолу, Қазақстанның әлемдік тәжірибесі мен тәжірибесі ұсынылды. Үйлестірушілер үшін Астана қаласының Қ. Сәтбаев атындағы DINOM School мектеп-лицейіне экскурсия өткізілді.

   Республикалық семинар соңында TALIS-2024 халықаралық зерттеу үйлестірушілеріне сертификаттар табысталды.