
2026 жылғы 26 мамырда білім бөлімі басшысының төрағалығымен Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының шаруашылық бөлімінің меңгерушілерімен ZOOM-конференция өтті. Кеңеске 9 ұйымның өкілдері қатысты: бөбекжайлар – «Березка» бөбекжайы, «Ботагөз» бөбекжайы, «Гүлдер» бөбекжайы, «Еркетай» бөбекжайы, мектептер – Ш. Уәлиханов атындағы МГ, Е. Бөкетов атындағы ЖББМ, № 12 ЖББМ, Ә. Бөкейханов атындағы МЛ, сондай-ақ Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебі. Кеңес барысында білім беру объектілерін алдағы 2026-2027 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау, жөндеу науқандарын жүргізу, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру, 2027 жылға арналған жөндеу жұмыстарын жоспарлау үшін сметалық құжаттаманы дайындау, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың инфрақұрылымы мәселелері қаралды. Барлық бағыттар бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімдері белгіленді.