
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жыл сайын «Болашаққа жолдама» облыстық форумын өткізеді, оның негізгі мақсаты – облыстың білім беру ұйымдарында оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына көмек көрсетуге бағытталған кәсіптік бағдар берудің тиімділігін арттыру.
Форум аясында үш кезең бойынша 4 бағыт бойынша байқаулар өткізілді: бірінші кезең – қалалық, екінші облыстық іріктеу кезеңі және үшінші қорытынды кезең.
20 мамырда аталған байқаулардың облыстық кезеңі өтті. Жеңімпаздар қатарында жүлделі үшінші орынға ие болған қаламыздың білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқушылары бар.
«Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауында: С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-кәсіптік бағдар берушісі Айгерім Ерболқызы және Оқушылар сарайының педагогі Зылгарина Жанар Еленовна;
«Жаңа кәсіптер атласы» байқауында: Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Мавлеева Маргарита. Жетекшісі: Кичук А.В.
«Оқушылардың бизнес-стартап жобаларының көрмесі» байқауында: С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Исабай Мадина. Жетекшісі: Ербол Айгерім.
Лайықты марапаттарыңызбен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.