
2026 жылғы 22 сәуірде Шахтинск қаласының полиция бөлімі 7-сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында дәрістер өткізді. Дәрістер «Әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары», «Нашақорлық», «Буллинг» және «Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік» тақырыптарын қамтыды.
Кездесу барысында оқушыларға заңнаманың негізгі талаптары мен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түсінікті түрде түсіндірілді. Нашақорлықтың алдын алу, мектептегі буллингтің жолын кесу және қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жалпы қамту - 836 оқушыны құрайды.