
Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған түрлі форматтағы іс-шаралар өтті. Олардың қатарында: этномәдени фестивальдер, халықтар достығы фестивальдері, тақырыптық сынып сағаттары мен шығармашылық байқаулар бар.
Барлық іс-шаралардың басты мақсаты- оқушыларда Қазақстан халықының мәдени мұрасы арқылы қазақстандық патриоттықты қалыптастыру, оқушыларда Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетін, тарихын және мұрасын құрметтеу, махаббат және құрмет сезімдерін баулу болып табылады. Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.
Шахтинск қаласының білім бөлімі қаланың барлық тұрғындарын осы тамаша мерекемен құттықтайды және әр отбасына денсаулық, амандық, бейбітшілік пен жақсылық тілейді.