«Шаңырақ» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті.

«Шаңырақ» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті.

2026 жылғы 21 сәуірде отбасылық дәстүрлерді жаңғырту, отбасылық құндылықтарға қолдау көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды Қазақстан халықтарының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы отбасылық дәстүрлерге, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу мақсатында «Шаңырақ» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті.
Материалдарды қарау қорытындысы бойынша грамоталармен марапатталады:
I орын: Амангелді Әдия, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі;
II орын: Есенаман Әділ, «Аленка» бөбекжайы;
III орын: Николаев Демид, «Жұлдыз» шағын орталығы.
Жүлделі орын алмаған қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!