ҚО ДБ Психикалық денсаулық орталығының жасөспірімдер суицидологы Куценко Лев Васильевич «№ 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ мен “№ 12 жалпы білім беретін мектебі” КММ педагогикалық ұжымына семинар (түсіндіру жұмысы) өткізді.

2026 жылғы 20 сәуірде кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында ҚО ДБ Психикалық денсаулық орталығының жасөспірімдер суицидологы Куценко Лев Васильевич «№ 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ мен “№ 12 жалпы білім беретін мектебі” КММ педагогикалық ұжымына семинар (түсіндіру жұмысы) өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың негізгі белгілері мен қауіп факторлары қарастырылып, мазасыздық белгілерін ерте анықтау бойынша ұсыныстар, сондай-ақ тәуекел тобына жататын балаларды анықтаған жағдайда педагогтердің әрекет алгоритмдері түсіндірілді. Сонымен қатар, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Педагогтер жоғары қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, практикалық жағдайларды талқылауға қатысты.

Жалпы қамту – 77 педагог.