
Шахтинск қаласының білім бөлімімен 2026 жылғы 02 сәуір күні «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында республикалық Мәшһүр - Жүсіп оқуларының қалалық кезеңі өтті.
Мәшһүр - Жүсіп оқуларының қалалық кезеңіне 15 оқушы қатысты.
Мәшһүр - Жүсіп оқулары қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар белгіленді:
І бағыт. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасы бойынша:
3 орын. Аманбеков Мейрамбек.. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Карабаева Ф.Ж.
ІІ бағыт. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» ғылыми-зерттеу жобасын қорғау бойынша:
3 орын. Бурахан Динара. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Сабиолдина А.К.
ІІІ бағыт. «Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқанын айнасымен» эссе жазу бойынша:
1 орын. Умбетай Аида. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Кузембаева М.К.
2 орын. Жақан Айым. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Біржікен Э.О.
3 орын. Вдовиченко Олег. Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Танабаев С.Н.
IV бағыт. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бойынша:
2 орын. Турганова Шахнур. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Касенов Н.М.
3 орын. Уринбасаров Асылбек. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Барлыбай Н.Т.
V бағыт. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бойынша:
1 орын. Олимпиад Жұлдыз. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Жолшибекова У.Т.
2 орын. Адилбай Шапағат. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Барлыбай Н.Т.
3 орын. Сұраған Ақбота. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Салимжанова Д.С.
«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде жүлделі орынға ие болған оқушылар Шахтинск қаласының намысын қорғау үшін облыстық кезеңге жолдама алды. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!