
2023 жылдан бастап Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Логика күні» жобасы ұйымдастырылып, осы бағытта жұмыстар жүргізілді.
2026 жылдың 26 наурызында «Логика күні» жобасы аясында Шахтинск қаласының педагогтерінің Шахтинск қаласының педагогтерінің іс-тәжірибесінен жинақталған «Логиканың даму тиімділігі: теория, түсінік, практика» тақырыбында аудан, қала білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
Семинардың бірінші бөлімі каскад әдісімен шеберлік сағаттарының
«Логикалық амал-тәсілдерді қолдану, есеп шығаруда шыңдалу», «Логика-ой қозғалысы» екі секциясы бойынша ұйымдастырылып, логикалық есептерді құрастыру, олардың шешу жолдары көрсетіліп, логика, ойды дамытуда практикалық жұмыстар көрсетілсе, екінші бөлімі «Ойын–дүниені танудың табиғи механизмі, логика–сеніммен қателесу өнері» ойындар бөлімі болып түрлі ойындармен өткізілді. Аталған іс-шараға 90 жуық педагог қатысты.