«Кітап оқитын мектеп» қалалық байқауының қорытындысы

«Кітап оқитын мектеп» қалалық байқауының қорытындысы

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған 6-10 сынып оқушылары арасындағы «Кітап оқитын мектеп» қалалық байқауы өз мәресіне жетті.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» — Абай Құнанбайұлы.

Байқаудың басты мақсаты — оқушылардың кітапқа деген құштарлығын ояту, оқырман мәдениетін биіктету және озық білімді жастарды насихаттау болатын. Бүгінгі додаға қаламыз бойынша барлығы 144 оқушы қатысып, бақ сынасты.

 Жүлде қоры

Биылғы жеңімпаздар келесідей қаржылай сыйлықтармен марапатталады:

🥇 1-орын: 300 000 теңге

🥈 2-орын: 200 000 теңге

🥉 3-орын: 100 000 теңге

🏆 ҚАЗАҚ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

🏆 Қазақ лигасы бойынша 6 сынып оқушылары арасында:

1-орын: Уринбасарова Айман – С.Асфендияров атындағы ЖББМ оқушысы;

2-орын: Калмаханова Алтынай – Ә.Бөкейханов атындағы  МЛ  оқушысы;

3-орын: Хайруллин Диас – С.Сейфуллин атындағы МГ оқушысы;

🏆 Қазақ лигасы бойынша 7 сынып оқушылары арасында:

1-орын: Бейсенбай Дильназ - Ә.Бөкейханов атындағы  МЛ оқушысы;

2-орын: Байкен Айғаным - Ә.Бөкейханов атындағы  МЛ оқушысы;

3-орын: Тилеубек Айнур -  С.Асфендияров атындағы ЖББМ оқушысы;

🏆 Қазақ лигасы бойынша 8 сынып оқушылары арасында:

1-орын: Қайырбекұлы Аңсар - Ә.Бөкейханов атындағы  МЛ оқушысы;

2-орын: Темиргалиев Рамазан - Ә.Бөкейханов атындағы  МЛ оқушысы;

3-орын: Танирбергенова Жангуль - С.Асфендияров атындағы ЖББМ оқушысы;

Қазақ лигасы бойынша 9 сынып оқушылары арасында:

1-орын: Хузыр Асемгуль - С.Сейфуллин атындағы МГ оқушысы;

2-орын: Хуатхан Нұржан -  Ә.Бөкейханов атындағы  МЛ оқушысы;

3-орын: Уринбасаров Асылбек - С.Асфендияров атындағы ЖББМ оқушысы;

🏆 Қазақ лигасы бойынша 10 сынып оқушылары арасында:

1-орын: Заткен Еркежан - Ә.Бөкейханов атындағы  МЛ оқушысы;

2-орын: Маратбекқызы Фарида - Ә.Бөкейханов атындағы  МЛ оқушысы;

3-орын: Тайлаков Мансур - С.Сейфуллин атындағы МГ оқушысы;

«Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы. Кітап — ең сабырлы ұстаз».

Кітап — адамның өсіп-өркендеуіне көмектесетін ең жақсы дос және тәлімгер. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оқырман жастарымыздың қатары көбейе берсін!

Жеңістеріңіз құтты болсын!