
Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар циклі өтті.
Іс-шаралардың мақсаты — әйел затына деген құрметті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және «мектеп-отбасы» байланысын нығайту болды.
Мерекеге орай шығармашылық жұмыстар мен фотокөрмелер ұйымдастырылып, тақырыптық сынып сағаттары, акциялар, челлендждер, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен спорттық жарыстар өткізілді. Мерекелік бағдарламалардың ішінде педагогикалық ұжымдар мен ата-аналарға арналған салтанатты концерттер ерекше орын алды.
Барлық іс-шаралар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.