1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі.

1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі.

1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл — мемлекетімізде тұратын түрлі этностардың ортақ тарихи тағдырын бейнелейтін бірлік, достық пен мейірімділік мерекесі.

Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында осы мерекеге арналған түрлі іс-шаралар, акциялар, челлендждер, сынып сағаттары, суреттер мен қолөнер бұйымдарының конкурстары өтті.

Кітапханаларда кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Бұл іс-шаралардың мақсаты: қоғамда алғыс айту мәдениетін насихаттау, азаматтарды игі істер жасауға және бір-біріне ризашылық білдіруге ынталандыру, сондай-ақ қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады.
Барлық іс-шаралар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.