
Ағымдағы жылдың 20-23 ақпан аралығында Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында айтулы дода өтті. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған ХХІ Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсында №4 жалпы білім беретін мектебінің абыройы асқақтады.
Қаламыздың намысын қорғаған 7-сынып оқушылары – Кияшко Виталина мен Ваккер Анна өрелі ойлары мен терең ізденістерінің арқасында жүлделі ІІІ орынды иеленді.
«Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші, жас зерттеушілердің жеңіске жетуіне жол көрсеткен жетекшісі – Дяденко Надежда Александровнаның еңбегі зор.
Жас дарындарымыз бен олардың жетекшісін осы айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз!