
18 ақпанда педагогикалық сынып оқушылары №7 арнайы мектеп-интернатына барып, «Баланы түсіну және оқыту: педагог-дефектолог шеберлігінің жаңа қырлары» атты практикалық семинарға қатысты.
Семинар барысында қала педагогтері мен педагогикалық сынып оқушылары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы заманауи тәсілдер туралы кәсіби диалогқа қатысты.
Білім бөлімі №7 арнайы мектеп-интернатының басшысы Нұргүл Төлегенқызы Мүсаріповаға балаларымызды жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіреді. Алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп сенеміз.