ОТБАСЫНАН ҚОҒАМҒА: БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ

ОТБАСЫНАН ҚОҒАМҒА: БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ

2026 жылғы 17 ақпанда С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия базасында ауқымды интенсив іс-шара өтті.

Іс-шараны Қарағанды облысының білім басқармасы жанындағы Психологиялық қолдау орталығы және Шахтинск қаласының білім бөлімі ұйымдастырды.

Ата-аналар үшін оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар балалардың қолынан шыққан тамаша қолөнер бұйымдарын тамашалады. Әрбір жұмыс – оқушыларымыздың шеберлігі мен жан дүниесінің көрінісі.

Психологиялық қолдау орталығының мамандары:
• Ата-аналарға жеке консультациялар өткізді;
• Тәрбие мәселелері бойынша тәжірибелік шеберлік сағатын ұйымдастырды;
• Педагог-психологтарға арналған аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар өткізді (алаңдататын белгілерді дер кезінде анықтау және балаға дұрыс қолдау көрсету жолдары қарастырылды).

«Қазіргі әлемдегі баланың қауіпсіздігі» пленарлық отырысы

Сарапшылардың қатысуымен маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті. Өз тәжірибелерімен және практикалық кеңестерімен төмендегі мекемелердің өкілдері бөлісті:
• Прокуратура және полиция қызметкерлері;
• Психологиялық қолдау орталығы мен Отбасын қолдау орталығы;
• Медициналық мекемелер (аурухана);
• Әкелер кеңесінің төрағасы.

Біздің ерекше мақтанышымыз – мектеп белсенділері! Оқушылар “Қауіпсіз мектеп” аясында өз жобаларын әзірлеп, қорғады. Бұл – олардың қауіпсіз әрі мінсіз білім беру кеңістігі қандай болуы керектігі туралы шынайы көзқарасы.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 106 адам.