Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының қалалық кезеңі

Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының қалалық кезеңі

2026 жылғы 17 ақпан күні С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының қалалық кезеңі жоғары деңгейде өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Қаламыздың 8-11 сынып оқушылары арасында Мағжан Жұмабаевтың терең ойлы шығармаларын насихаттау және өскелең ұрпақтың поэзияға деген құштарлығын ояту, сөз өнерінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білетін рухани кемел тұлға тәрбиелеу.

Байқау нәтижесі: Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
Байқауға сөз қадірін түсінген 10-нан астам дарынды оқушы қатысып, бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімімен төмендегі қатысушылар үздік деп танылды:

1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы: (Көркемсөз оқу шеберлігі бойынша)
І орын: Есенбаева Айгерим (Ә. Бөкейханов ат. МЛ. Жетекшісі: Каржасова А.С.)

ІІ орын: Бұрахан Динара (С. Асфендияров ат. ЖББМ. Жетекшісі: Сабиолдина А.К.)

ІІІ орын: Токмагамбетова Аяулым (С. Сейфуллин ат. МГ. Жетекшісі: Каржасова А.С.)

ІІІ орын: Ахмедиева Виолетта (Е. Бөкетов ат. ЖББМ. Жетекшісі: Бажаева Б.К.)

2. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясы: (Мағжан шығармашылығын зерттеу және білім деңгейі бойынша)
І орын: Исабай Мадина (С. Асфендияров ат. ЖББМ. Жетекшісі: Калабаева А.С.)

ІІІ орын: Кайыргелді Аяулым (№11 ЖББМ. Жетекшісі: Жуманова А.К.)

3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы: (Жас ақындар – өз шығармашылығы бойынша)
І орын: Қуатбекұлы Рауан (Ә. Бөкейханов ат. МЛ. Жетекшісі: Кузембаева М.К.)

ІІ орын: Құрбанбай Динара (С. Асфендияров ат. ЖББМ. Жетекшісі: Біржікен Э.О.)

«Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – мен жастарға сенемін!» – деп ақын атамыз сенім артқан бүгінгі жас өрендер Мағжан рухын асқақтатып, жырдың асыл маржанын шашты. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!