2–12 ақпан аралығында барлық мектептерде полиция бөлімінің ЖЮП қызметкерлері 1–8 сынып оқушылары арасында дәрістер өткізді.

2–12 ақпан аралығында барлық мектептерде полиция бөлімінің ЖЮП қызметкерлері 1–8 сынып оқушылары арасында дәрістер өткізді.

2–12 ақпан аралығында барлық мектептерде полиция бөлімінің ЖЮП қызметкерлері 1–8 сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік, мектепте және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, жол қозғалысы ережелерін сақтау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ интернет желісінде қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары тақырыптарында дәрістер өткізді.

Кездесулер барысында полиция қызметкерлері оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, тәртіпті сақтау мен айналадағы адамдарға құрметпен қараудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шарамен 833 оқушы қамтылды