
Шахтинск қаласының білім бөлімі мен Шахтинск қалалық ауруханасы арасында жасалған бірлескен жұмыс жоспарын іске асыру аясында, ақпанда медициналық сыныптардың оқушылары (№2 және №7 мектептер, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей, Е. Бөкетов атындағы ЖББМ) денсаулық сақтау ұйымдарында болды. Онда оқушылар медициналық кабинеттердің жұмысымен және олардың жабдықталуымен танысты.
Балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері үйретіліп, диагностика, травматология және паллиативтік көмек бөлімшелерінде практикалық сабақтар өткізілді. Осы мектептердің медициналық сынып оқушыларынан басқа, экскурсияларға Оқушылар сарайының «Медициналық білім негіздері» үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысады. Бұл жұмыс ай сайын жүргізіледі.