
15 ақпан – Ауғанстан жерінен интернационалист-жауынгерлердің шығарылған күні болып тарихқа енген күн. Бұл - ерлік пен әскери борышқа адалдықтың және бейбітшілік құнының еске алу күні. Қазіргі уақытта біздің қаламызда және іргелес кентерде 60-тан астам Ауған соғысының ардагерлері өмір сүріп жатыр, олардың ерлігі мен батылдығы бүгінгі жастарға үлгі-өнеге.
Осы айтулы күн қарсаңында Шахтинск қаласының жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында тақырыптық кітап сөрелері мен ақпараттық стендтер ресімделді, суреттер мен оқырмандар конкурстары, түрлі форматтағы іс-шаралар, оның ішінде сынып сағаттары, «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Салтанатты және спорттық іс-шаралар, ауған «ерлік сабақтары» ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен өтті. Барлық мектептердің оқушылары үшін №6 жалпы білім беретін мектептің мұражайында «Ауғанстан еске алу жолдары бойынша» мұражай сабақтары ұйымдастырылды. №4 және 11 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қайтыс болған ауғандықтардың А.Ю.Андрейкинаның және Ю.А.Медведьевтің отбасыларына барды.
Барлық іс-шаралар оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.