
2026 жылғы 11–13 ақпаны аралығында Шахтинск қаласының полиция бөлімі жалпы орта және негізгі орта білім беру ұйымдарында оқушыларға арналған алдын алу дәрістерін өткізді.
Кездесулер барысында өзекті әрі әлеуметтік маңызы бар тақырыптар қарастырылды:
• интернет-алаяқтық және интернет желісіндегі жеке қауіпсіздік шаралары;
• дропперлік үшін және құқыққа қайшы схемаларға қатысқаны үшін жауапкершілік;
• жедел қызметтерге жалған шақыру жасағаны үшін жауапкершілік.
Полиция қызметкерлері оқушыларға құқыққа қарсы әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндіріп, тәжірибеден нақты мысалдар келтірді және заң талаптарын сақтау мен цифрлық сауаттылықтың маңыздылығын еске салды.
Алдын алу іс-шаралармен 1015 оқушы қамтылды.