
2026 жылғы 6 қаңтары «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ базасында «Инклюзивті формат: бүгін және ертең» тақырыбында семинар өтті. Семинар мақсаты-инклюзивті білім беру саласындағы мамандар мен педагогтардың тәжірибе алмасуы үшін кәсіби алаң құру, заманауи тәжірибелерді және оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылау.
Семинарға пән мұғалімдері, мамандар қатысып, «Бұйымды көркемдеп күйдіру», «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жүргізілетін тәжірибелік жұмыс түрлері», «Квест по игровым технологиям для детей с особыми образовательными потребностями. Расшифровать код вовлеченности», «Development of writing skills in children with special educational needs using the visual scanning method», «Физика-информатика сабағында ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізудегі жасанды интеллектті қолдану тәжірибесі», «Ұлы Дала геометриясы: Тарих пен математиканың ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыстағы сабақтастығы», «Просветительское направление в рамках инклюзивного пространства», «Взаимодействие социального педагога и дефектолога с родителями», «Взаимодействие школьного психолога и педагога-ассистента в инклюзивной практике», «Подвижные игры для детей с ограниченными возможностями» тақырыптарында шеберлік сабақ, тренинг, квест түрінде педагогтер іс-тәжірибелерімен бөлісті.