
Оқушылардың педагогикалық бағыты бойынша ерте кәсіби бағдар беруді дамыту үшін Шахтинск қаласының төрт білім беру ұйымдарында 2022 жылдан бастап «Педагогикалық сынып» облыстық жобасы іске асырылуда («Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, «№8 негізгі орта мектебі» КММ).
29 қаңтарда педагогикалық сынып оқушылары «Қарлығаш» бөбекжайына барып, мектеп жасына дейінгі балалармен сабақтардың қалай өтіп жатқанын көрді. Балалар тәрбиешілер сәбилердің назарын өздеріне қалай шебер түрде аударатын, оларға тапсырмаларды орындауға көмектесетінін және әр балаға көзқарас табатынын көрді. Болашақ педагогтер үшін бұл мамандықтың «қыр-сырын» көруге және тәрбиеші еңбегінің күрделілігін бағалауға ерекше мүмкіндік. Бұл тәжірибе оларға болашақ жолды таңдауда пайдалы болатыны сөзсіз!
Еске сала кетейік, 2025-2026 оқу жылынан бастап білім бөлімі педагогикалық сыныптың оқушылары үшін қаламыз бен облысымыздың әртүрлі білім беру ұйымдарына, соның ішінде жеке ұйымдарға экскурсиялар ұйымдастырды. Бұл бағыттағы жұмыс оқу жылы бойы жалғасады.
Экскурсиялардың негізгі мақсаты: болашақ педагогтарды білім беру мекемелерінің әртүрлілігімен және олардың тәжірибелерімен таныстыру, сондай-ақ олардың болашақ мамандығын жақсы түсінуіне көмектесу.